воскресенье, 22 декабря 2013 г.

Ренжімейтін пенде бар ма бұл жалғанда?


Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде ешкімді ренжітпей, ешкімге ренжімей өмір сүрсек қандай тамаша болар еді. Алайда ылғи осылай бола бере ме? Өмір болғаннан соң кейде амалдың жоқтығынан,кейбір сәттерде болмашы бір нәрседен реніш туып жатады. Негізі реніш себебі адамдардың бірін - бірі түсінісу ниетінің кемдігінен болады. Аталарымыздың "Жақсы адамның реніші шәйі орамал кепкенше,жаман адамның реніші басы көрге жеткенше"- деген сөзін бағдаршам қылып ұстасақ,көп реніштердің ұмытылуына септігі тиер еді -ау.
Мұсылманның "НАУРЫЗ"- мерекесін бәріміз білеміз ғой,Аллаға шүкір. Негізі жыл басы болып тойланса да осы мерекенің тағы бір атқаратын керемет міндеті (функциясы) бар. Ол осы мереке күні бұрын ренжісіп жүрген адамдар, өкпелерін кешіріп, төс түйістіріп қайта татуласатын болған. Бабаларымыз қандай реніш болсада бір жылдан ұзамасын деп татулықты,берекені ойлағанынан туындаған дәстүр емес пе? Сондықтан көңілдеріңізде біреуге деген өкпе,реніш болса ұзақ сақтамауға тырысыңыздар.Себебі кісілер жақын көретін адамдарына ренжиді,өкпелейді. Оларды өзімізден алшақтатпауға тырысайық,ағайын!


Бұл өмірде меніңше
Қателеспес пенде жоқ,
Қателесер ғалымда,
Аңдап басқан залымда.

Қателіктер қашанда
Жоспарланып жасалмайд,
Ақылың одан кей кезде
Аттап оны аса алмайд.
Қатесін түзеп жазудың
Көшіріп жазған сияқты,
Түзетер ем қатемді
Мүмкіндік туса өмірде.
Келгенім анық дүниеге
Күнәсіз, ойсыз, қатесіз
Өмір - өмір болған соң
Қателесіп кетіппін.
Қателікке ешқашан
Әдейілеп бармадым,
Кездестім кейде кездейсоқ
Қашсамдағы қалмады.
Ақылым артық демеймін
Жазған болсам өсиет
Айтып кету ойымды
Алла берген қасиет.

Комментариев нет:

Отправить комментарий