воскресенье, 22 декабря 2013 г.

СПИД пен ВИЧ-тің айырмашылығы немесе Ажалға Апаратын Ауру

ВИЧ ауруы қандағы Т-лимфоцитін азаюына акеліп соқтырады, бұл имунитеттің әлсіреуіне ықпал етеді. Бұдан соң ол СПИД-ке айналады: иммун тапшылығы, яғни жетіспеушілік адамды кішкентай ауруға, мысалы инфекцияға, суық тиюге қарсы тұра алмайды. Адам өліп кетуі мүмкін.

ВИЧ-Вирус Иммуннодеффицита Человека деген сөйлемнің  бастапқы әріптерінен қысқартылған сөз. Яғни СПИД ауруының қоздырғышы.  
СПИД-осы қоздырғышты жұқтырып алдыңғы сатыларынан өтіп немесе  инкубациялық периодтардан өткеннен соң пайда болатын  клиникалық түрдегі ауру. 
ВИЧ-ті жұқтырған адам бірден ауырмайды, тек қанында ВИЧ-тің вирусы болады,бұны орысша "вирусоносительство" немесе "ВИЧ позитивный" дейді "ВИЧ позитивный" адамдар СПИД-пен ауырам дегенше 7-8  жыл уақыт өтеді. Егер  уақытында СПИД  центрге  есепке  алынып, вирусқа қарсы дәрілер қабылдаса, одан да көп уақытқа дейін ауырмайды.,бірақ басқаларға жыныстық қатынас арқылы немесе қан құю арқылы,ортақ ине шаншу арқылы, дұрыс дезинфекция жасалмаған медициналық құралдар арқылы басқа адамға жұқтырады.

Барлықтарыңызға амандық тілеймін. Аллам өзі сақтасын. Сақтансаңыз сақтайды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий