суббота, 21 декабря 2013 г.

Жазылмаған заң немесе жасөспірімдер системасы

Жазылмаған заң немесе жасөспірімдер системасы
Қазір беріп жатқан тиын-тебен - болашаққа кепілдік. Қандай оқу орнына барсаң да солар сені қорғайды, саған көмек көрсетеді. Ұрса, жабылса немесе болмашы бірдеңеге тиіссе балдарыңа айтасың, қанша болып келсе де сен үшін тұрып береді, сені қорғайды, сені сол жерде "авторитет" қылып жібереді. Сен 8-9-10 кластарда ақша бересің, 10 - 500 тг арасында, ал кейін 11 сыныпқа барғанда, мектепті тауысқанда, сол ақшаны сен басқалардан сұрайсың. Осылайша айналып кетіп отырады. 

Тиын-тебеннің жақсы жері сол, жаман жері жоқ. Ақшаң өзіңе керек болса айтасың, "Менде бар, бірақ өзіме керек" деп, ештеңе демейді. Құрдастарың үшін беретін жағдай да болады. Егер сен арыз жазсаң біреудің үстіне "Істің арты жақсылыққа апармайды, сен жеңесің" деп мың жерден сені қорғағанымен, өз атыңды мың жерден жасырсаңдар араларындағы сатқынды әйтеуір біреу тауып алады, міне, сол кезде саған құтылар жол қалмайды. Ауылдың балалары "здавалды" ұрып, тонап, бір-екі жерін сындырып кете салады, қайта бұл жақсысы. Ал қаланың балалары электрошок, обрез, травматический пистолет, дубинка деген сияқты бәлелермен ұрады, қинайды, тонап кетеді. Және де аға - апаларың "Өз өзіңді қорғай біл, күрес, бокс, таэквондо сияқты секцияларға қатыс" дер, мүмкін кейін пайдасы болар, ал бірақ мың жерден мықты болып тұрсаң да сатып кетсең аман қалмайсың. Жабылады, өзіңнен үлкендермен "Раз На Раз"-ға тұрасың, в общем бетіңнен бет қалмайды.  Егер екі "джигит" үшін бүкіл ауыл төбелесіп "толпа на толпа" болатындай жағдайда екі ауылдың "өкілдері" кездесіп, тек әлгі проблема шығарып жүрген екеуін ғана төбелестіреді, мұны "бой" дейді. Бандалар мен райондардың арасында да осындай болуы керек.

"Здавал"-деген сатқын деген сөздің "көше ұлдары" арасындағы қолданысы, мұнан басқа "терпила", "кипила", "мамина сыночек" деген сөздермен қолдана береді.

Бұндай система қорқақтыққа емес, батылдыққа, төзімділік пен шыдамдылыққа тәрбиелейді. Көшеде ешкім саған "Іш, шек, ат насыбайды" демейді, қайта "Ішпе, шекпе" деп үйретеді. Спортпен айналысуыңды қадағалайды. Нағыз көше тәрбиесіндегі  бала бұзақы да емес, спортсмен, зиянды әдеттерге жоламайтын болып шығады (системаға байланысты, бір жерлерде қайта ішуге, шегуге үйретеді). 

Бұл системаны тоқтату мүмкін емес, мың жерден көшеге шықпасын деп аңдыса да, машинамен көшені аралап жүрсе де, "Штраф, бірдеңе-сірдеңе" деп жатса да көше тәрбиесіндегі адам бір амалын табады. 

Әлгі "Асар" дегенге келсек, жолдастарыңа көмектескен жақсы ғой, қайта біреуге көмектесіп жүрсең, саған да біреу көмектеседі. Ал қинап жұмсаса, енді оған амал жоқ))) Жолдастарың шақырады, барасың, көмектесесің. Кейін саған да көмек керек болатын кез болады, шақырасың, келіп көмектеседі. 

Көше системасында бәрі қайтарымды (бүгін сені ұрса, кейін сен басқаларды ұрасың; қазір сенен ақша алса, кейін сен ақша аласың). Көшеден тығылып, заяв. жазып, қанша қашсаң да өз мектебіңде оңбайсың. Одан кейін оқу орнында да тағы да таяқ күтеді. Оған шыдай алуың қиын. Одан кейін армия бар, армия мүлде қиын.

Система деген - бұл мектеп. Өмірде кездесетін барлық жағдайларға дайындайды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий