пятница, 20 декабря 2013 г.

Кейінгі екінші айтыс (Жұбатхан, Ақмарал, Нұғман)

ЕКІНШІ АЙТЫС.
(НҰҒМАН, ЖҰБАТХАН)
Нұғман:
Алла деп айтысуға бел буайын,
Салмақты, салиқалы сөз құрайын.
Жұбатхан, сөздерімді саған қарай
Автоматтың оғындай шұбыртайын.
 Нұғман:
Мен көздеген сөз-оғым дәл тиді ме,
Үнсіз отсын қайырмай жауап неге?
Агентті онлайнға сен қалдырып
Жүрсін бе әлде қыдырып тәтті түсте.
Нұғман:
Бүгінімен бітпейді өмір мүлде, 
Қалдырайық айтысты біз ертеңге.
Инет жасап, модемде бірлік болса,
Кездерміз тағы да осы жерде.
Жұбатхан:
Отошелге қойып кеттім бір іспенен, 
Қолым да тимей кетті жұмыспенен.
Ертең тағы айтысармыз қол бос болса
Шарпысармыз өткір  тіл-қылышпенен.

Кешіккенім үшін сен кешіргейсің,
Ақыл -дана, даналықпен өшіргейсің.
Тілін екен әлі де сала-құлаш
Әлде де ұзын қылып өсіргейсің.

Мирыңды көріп адам ұшынғандай,
Түсіпсің,Әбілхайыр, мұсылмандай.
Өз-өзіңді мақтаған суретіңнен
Болды менін жүрегім қысылғандай.

Ақындық-жазылмайтын бұл бір індет,
Өнеріңді сақтап қалұ-ол да міндет.
Не айтсам да айтысып ренжімессін
Ақындар бірін бірі кетпес күндеп.
Нұғман:
Мен өзіңдей жай ғана пендемін,
Кешір десең мен сені кешіремін.
Тілімді әлі маған өсір дейсің,
Өсірмесем ешқашан өшірмеймін.
.
Ал, Жұбатхан, саған сауал тастайын,
Махаббаттан жаңа тема бастайын.
Қазіргі жас махаббатты ұқпай па,
Айырлысып неге тамад жас лайым?
Жұбатхан:
Махаббатты қозғап сен де қумашы,
Аптаның бір ұлы күні -  жұмасы.
Тақия киген мұсылман болсаң айтып бер
Қайда Мекке, қайда жердің құбыласы?

Иман нұры жылатады, күлдіреді,
Көкейімізге адамдықты сіңдіреді.
Пайғамбардың атымен бір жазылатын
«С.а.с.» деген сөз, бұл нені білдіреді?
Нұғман:
Ақындықты індет деп қателестің,
Ақындықтың көріппең сен кеселін.
Ақындық басыңа қонғаннан соң, 
Індет демей сақтауға міндеттісің.

Тастаған сауалыма жалтақ етпе,
Сұрағыңды сосын қой жауап бер де.
Жер құбыласы сол бір Мекке.
Қайда екенін айтайын білгің келсе.
Бес уақыт намаз, әрине, болса сенде 
Мекке ол намаз кірген кезде
Басыңды ниеттеніп бұрған бетте.

Нұғман:
Сая Қалиева.
Фигураңыз суреттегі әдемі екен.
Шын өмірде сол суретке сай ма екен.
Кей қыздардың сурет алдар әдісін, 
Ой келеді сіз де жасап тұр ма деген.
.
Достасып, жақынырақ танысайық,
Дос боп бастап, махаббатқа алмасайық.
Басың бос па, болмаса егерде бос
Достан өтіп, махаббатқа әрi аспайық.
Жұбатхан:
Ақындық-ауру, бойыңды қысып, жаулайды,
Тез жұғады, адамдарды баурайды.
Қоздырғышы аурудың-шабыт келсе
Айтылмаған бір де бір сыр қалмайды.

Шын ғашық өз сүйгенін аялаған,
Музасынан ештеңені аямаған.
Сенікі бір мезеттік құмарлық қой
Жүрегіңе түкірдім Саялаған.

Сен ғашықсың адамның келбетіне,
Тән құмарлық та адамның індеті ме?
Осындай сенікіндей құмарлықтан
Махаббат та жойылар жер бетінде.
Нұғман:
Індет болса, айтшы, неге жұғылмайды,
Санамда мынандай ой туындайды:
Ақындардын достары ақындықпен
Ауырып неге олар жыр жазбайды?

Құмарлықты шатастырма махаббатпен,
Өткізіп саралағай ой - електен.
Кұмарлық туылады нәпсіліктен,
Ал махаббат туындар шын сезімнен.

Менікін білмей тұрып желікпен,
Білмей сөйлеу-тәрбиесіздік, біліп па ең?
Ғашық болсам, боламын келбетке емес,
Мен деп соққан шынайы жүрекке мен.
Жұбатхан:
Ғашық болдың жүрегін көрмей тұрып,
Суретіне сүйсіндің, бұл не қылық?
Қызға бірден "махабат" деп сөз айтатын
Емеспін мен дәл сендей кем, мақұлық.
Ақмарал:
Қолыма түскен бұл қалам
Жырлай ма енді сезімді?!
Жүректерге шамшырақ
Жағылғандай сезілді..
Ал Жұбатхан не дейін..
Жүректі жырмен емдейін..
Махаббат жайлы бастап бір..
Оны неге теңейін,,?!
Махаббат не?
Бірін-бірі алдау ма?
Сыртқы келбет
Байлыққа қарап таңдаума?
Жоғалды ғой махаббаттың киесі
Ей пенделер біз ғой сезім иесі,,
Неге біздер пәк сезімді
Ойыншықтай етеміз?
Бір-бірімізді алдаймыз да
О дүниеде не етеміз?
Өтіріктен құралған бұл жалғанда
Шын бақытты қайдан тауып жетеміз?!!!
Жұбатхан:
Акоси қыз , ойың дұрыс, құптаймын.
Ал Нұғман сияқтыларды ұқпаймын.
Қызды бейне ойыншық көретін жандарды
Түйреп атуды көздеп мен оқтаймын.
Нұғман:
Әзілің жарасса атаңмен де ойна,
Деген қазақ ол жағын да ойла.
Әзілді өлең арнадым Саяға мен,
Қару қылып етпе бұнымды айла.
Ақмарал:
Көріп па едің адамзаттың ойларын
Бір жерге кеп түйіскенін, Жұбатхан!
Ешкімге де кінә артпа бұл өмір..
Бірге шаттық..ал біреуді мұңайтқан.
 Жұбатхан:
Ойын қылып айтсаң егер болар мақұл
Сындырғың кеп сөйледің, жаздың нақыл.
Таныспай-ақ "махаббатты" қозғадың сен
Нұғман-ау, өзің айтшы, осы ма ақыл?
Нұғман:
"Махаббат жоқ"-деп,
Сайрауга сенбе?
Тұманды оймен қиялды кезбе.
Құдірет сезім, махаббат сөзге,
Жоқты қосып шатаса көрме.
Махаббат бар, қатеңді түсін,
Әкең мен Анаң сезімін көрде.
Көрмесе көзің, Сезерсің өзің,
Махаббат бастан кешірген кезде.
Жұбатхан:
Осы екеуі неге бірдей үнсіз қалды?
(Бірігіп ап мұқатпақ па мендей жанды?)
Бейтаныс қызға сөз айту дұрыс емес
"Айта айта Алтайды" жағым талды.
Жұбатхан:
Махаббат ол сезімдерді билететін,
Махаббат ол бір сәтте күйрететін.
Сүйіп жүрген музасы бар мендей жанға
Сен емессің ғашықтықты үйрететін.
Акмарал:
Махаббат деп қаншама жазсаң дағы
Тек жүрегің оны бір сезсе екен..
Түсіндіріп болмайды адамзатқа..
Оның келіп енуі лезде екенін.
Жұбатхан:
Мен сүйемін жаныммен, жүрегіммен,
Бақыттымын сүйгеніммен,  жыр өмірмен.
Не  жағдай болса дағы сүйгенімді
Ұмытпай есте сақтап жүремін мен.

Мен - ғашықпын, өлең мен жырға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
 Ақмарал:
Жұбатхан сен сүйер қыз қандай екен?!
Өлеңде жатқан сезім балдай екен?!
Сен сүйер жүрекке қызығып тұрм..
Ол, сірә,асық арман,бақыт ба екен?
Ақмарал:
Мені сүйер жан болса
Бола білем мен адал...
Сағыныштан тұрғызып
Жасар едім бір қамал..
Түсіндірмейм оны артық...
Осы маған махаббат,,
Күн нұрындай жылулы
Ол бір нұрлы шапағат
Жұбатхан:
Көңілім менің сынғанда
Ғашығымды іздеймін.
Махаббатым тұрғанда
Қиындықты сезбеймін.
Акмарал:
Ал енді рұқсат беріңдер
Ұйқыға мен енейін..
Тәтті ұйқымен әлемнің
Бақытына сенейін..
Қашан енді тілдесем
Білмейм кейде жабығам..
Ұмытпаңдар сендерді
Қатты-қатты сағынам
Жұбатхан:
Жүрегіме ғашық нұрын сыйлайды,
Түндерімнің тәтті ұйқысын ұрлайды.
Сүйіктім есіме түскенде
Жүрегім толқып, тулайды.

Махаббат биіктерге жетелейтін,
Сүйгенім бар аялайтын, мәпелейтін.
Ашуланса айтатыны - "Кетші анда"
Еркелесе "Қалайсың, Жәке?" дейтін.)))))
 Нұғман:
Жұбатханның бар секілді тәжірибесі,
Махаббаттық жырлардың келмес шегі.
Сен өзі сүйген қыз деп ойлайсың ба,
Жүректегі махаббаттың ең ұлысы?
Нұғман:
Жауабың шықса көңілден жеңіс сенде,
Жырақ қуып берілме жеңіл сөзге.
Жауабың болса егер сай салалы,
Бітірейік бейбітпен жеңіс бер де.
Жұбатхан:
Тиген жерін тіліп түсер ақ алмаспын,
Жеңісті оңайлықпен ала алмассың.
Жеңілсең ашық түрде жеңілдім де
Анау-мынау дегеніңе қарамаспын.
Нұғман:
Жүрек соғар әрқашан анашым деп,
Жан беремін, әрине, анаға тек.
Ана деп соққан бала жүрек
Мине осы аталар «Махабат» деп.
Нұғман:
Жеңілдім деп айт десең, оған көнем,
Айтысқым келмей кетті жеңіл сөзбен.
Сөзінді мағыналы  арнаға бұр,
Жеңіл сөзді  болмайды Ақын деген.
Жұбатхан:
Нағыз ақын сұраққа жауап  күтпейтін,
Абыройын шелекпенен төкпейтін.
Жарты сагат жазып жатсын токтамай
Не роман ол таусылмайтын бітпейтін?

Өзің дұрыс тема таста мағыналы,
Сөздерім де сондайларды сағынады.
Сенсің ғой "о, махаббат" деп қоймаған
Жұбатхан сондайлардан жалығады.
Нұғман:
Өлеңмен  абырой  жинаған,
Жағымпаздық бар ақын.
Сен, сен деп күндестікті
Көрсетпейді әсте ақын.
Сынды да көтермесе,
Көкіректік бар ақын.
Мақтаншақтық көрсеттің,
Емессің мақтаулы ақын.
Жұбатхан:
Алыстан өлең десе аттанамын,
Ақын жігіт болғаныма мақтанамын.
Сәл мақтану қазағымның қанынан бар
Бірақ та көкіректіктен сақтанамын.
Нұғман:
Шабытыңа шабыттар қарша жаусын,
Аппақ қардай, тілің де ақты айтсын.
Қона бермес бақыт қой бұл сендегі,
Ақындылық бойында мәңгі жатсын.

Жау емеспіз келгелі шабысқалы,
Біраз жерге барыппыз айтысқалы.
Тігіп койган жүлде жоқ біріншіге,
Жөн болар теңменен тарқасқалы
 Жұбатхан:
Нұғманға жаңа ой кеп қосылғандай,
Қарсыласым сөзінен тосылғандай?
Ымменен, намекпенен білдіріп тұр
Бұдан асқан мойындау болсын қандай?

Қазақтың жеңілмейтін ұлы сен ең,
Айтысу зор құрмет болды сеніменен.
Осылай ірі-уақ сөздер айтып
Нұғман батыр, не демексің соныменен?
 Нұғман:
Тілек тілеп, қабағымды оң таныттым,
Жеңіс ойлап, сен-дағы арам қаттың.
Тек жеңістен түзілмес өмір жолы,
Женіліс те жағып қалар дәмін татқын.

Мен ойынға салайын шахматқа,
Шах берсем де түспедің оңай матқа.
Қызық жүріс ұсынам шахматтан
Түсірейік бұл айтысты біздер  патқа.
Жұбатхан:
Дәмін толық татпасам да жеңістің,
Сеніменен екі күндей керістім.
Екеуміз де сіле қатып шаршадық
Айналайын, ничьяға келістім)))
(Нәтижесінде екі жақ тепе-тең болады. Ал бірақ шын жеңімпазды оқырман анықтар.)

1 комментарий: