воскресенье, 22 декабря 2013 г.

Жаңа Жылға қызыңызға не сыйлайсыз?

1.Сағат. Резеңке сағат, жүрек формасындағы сағат, қызыл түсті сағаттарды сыйлауды ұсынамын. Қымбаттау және көзге түсетін, жалтырауықтары көп, мақтанарлықтай болғаны жақсы.
2.Алқа. Бұған да қымбаттау және көзге түсетін, жалтырауықтары көп, басқаларға айтып мақтанарлықтай болғаны жақсы.
3.Қонжық, аю, қуыршақ. Естелік ретінде қалады және оны көргенде сізді есіне түсіретін болады.
4.Гүл. Бір букет немесе 3 дана гүл болуы керек. Гүл саны тақ сан болғаны дұрыс, себебі қыздардың жаман бір ырымы бар. Иісі бар гүл болуы керек.
5.Ұялы телефон, планшет. Қаржыңыз жетсе осылар жақсы.

6.Сим-карта. Нөмірін тек екеулеріңіз білетін болсаңыздар, бұл да қыз көңілінен шығуы мүмкін.
7.Сайт немесе әлеуметтік желідегі аккаунт. Сайт болса қыз суреттерімен және күлкілі сәттеріңізді жазып толтырыңыз. Аккаунт болса оған қыздың суретін қойып, контактілерінің тізіміне өзіңіздің ерекше етіп қосып қойыңыз.
8.Ашық хат ("открытка"). Жас балаларға арналған нәрсе, бірақ басқа сыйлықтармен қосып беруге болады.
9.Иіссу ("духи"). Қымбаттау, хош иісті және қыз ұнататын фабрикадан шықса керемет болар еді.
10.Бетінен сүю. Бұл енді міндетті түрде шығар.
Сыйлықты әдемі жағдайда ("обстановка") сыйлаңыз, сыйлап жатқанда айтар сөздеріңізді мәнерлеп айтыңыз және алдын ала ойластырып алыңыз. Көзіне қараңыз, көзі арқылы сыйлыққа және сізге қалай қарайтынын білесіз. Сүйiктiсiн қадiрлейтiн адам сыйлықты арзаннан бастағаны дұрыс. Қатты қымбат нәрсе сыйламаңыз, үйреніп кетсе, кейін арзандау нәрсені менсінбеуі де ғажап емес. Сыйлығыңыз әдемі, көз тартарлық, мақтануға тұрарлық болғаны дұрыс. Бәрі де өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз.

Қызыңыздың өзінен білдіртпей немесе құрбылары, жақындарынан оған нендей сыйлық ұнайтынын біліп алсаңыз нұр үстіне нұр.

Комментариев нет:

Отправить комментарий