суббота, 21 декабря 2013 г.

Тозақ – күннiң ортасында

Тозақ – күннiң ортасында

Чарльз Гинсон 28 жыл бойы ғарышта болып қайтқан екен. Жерге келіп есінен айрылған.
Расында да, 1973 жылы 9 тамызда ғарышқа ұшып кеткен соң ұшты-күйлi жоғалып, 1991 жылы Жерге қайтып орал­ған Гинсонға қатысты түрлi болжамдар бар. Не де болса НАСА-ның бұл жайтты құпия сақтап, ендi жария етпейтiнi түсiнiктi. Бiрақ қалай болғанда да ғарышта 28 жыл бойы өз бетiнше өмiр сүру мүмкiн емес. Олай болса, Гинсонды бөгдеғаламшарлықтар алып кеттi ме, әлде ол басқа әлемге, өзге ғаламға енiп кетiп, сонда өмiр сүрдi ме? Болжамдардың бiрiне сүйенсек, Гинсон тозақты өз көзiмен көрiп қайтқан.
1973 жылы 9 тамызда ғарышқа ұшырылған “Скайлеб-2” ғарыш кемесiнiң Жерге жiберген ақпараты НАСА-да “құпия” грифiмен сақтаулы. Ол құжатта былай делiнген: “Тозақ – Күннiң ортасында. Бiз қаза тапқандардың қалайша өртке оранып жатқанын көрдiк. Бiз тозақты өз көзiмiзбен көрiп тұрмыз”.
Алайда НАСА мамандары бұл жайт­ты 16 жыл бойы жоққа шығарып келген. Тек 1985 жылы “Әлемдiк ғылым” журналы осы оқиғаны жария еттi.
НАСА тылсым күштер жайлы ақпаратты жасырып-жапқанымен, “тозақты көрдiк” деушi астронавтар саны арта берген. Мәселен, 1978 жылы ғарыш кемесiнiң iшiндегi астронавтар спек­тро­гелиограф көмегiмен Күн бетiндегi жарқылдақтарды зерттеген. Осы зерт­теу кезiнде Күнде күшi қатты жарылыс болды. Осы жалынның түбiнен атылған гелий 800 шақырымға дейiн жетiптi.
Кенеттен газ ағыны тоқтап қалған. Осы құбылысты түсiрiп тұрған құрал оттың iшiндегi адамдар бейнесiн де түсiрiп алған. Лапылдаған отта күйiп-жанып, адам төзгiсiз азапты бастан кешiрген бейнелер 70 секунд бойы астронавтардың көз алдынан кетпей қойды. Мұны жай ғана елес дейiн десе, әлгi адамдардың бейнелерi ап-анық көрiнiптi. Демек, ғарышкерлер тозақ есiктерiнiң ашылған сәтiн көрген.
Он жылдан кейiн американдық басылымдар тағы бiр адам сенгiсiз құбылыс жөнiнде жазды. Инфрақызыл сәулеленудi бақылайтын арнайы телес­коп пен аппаратура арқылы зерттеу жүргiзген НАСА мамандарының фототаспасына ғарышта қалықтап жүрген адам мен жануардың елестерi түсiп қалыпты. Артынша бұл фотосуреттiң жалған еместiгi дәлелдендi.
Күннiң Нептунға әсерiн зерттеген ғалымдар да түсiрiлген суреттерден көптеген адам бейнесiн байқаған. Испан теологы Педро Гарсия бұл жайлы: “Ғаламның бұл бөлiгi – тозақ пен жұмақтың арасындағы мекен тәрiздi. Өлгендердiң жаны бұл жерде ақыреттiң сотын күтiп отыратындай”, – дейдi.
Ал аты-жөнiн айтуды кұп көрмеген танымал американдық физик: “Бұл құбылыстар – элек­тр импульстарының нәтижесi. Не басы, не ақыры жоқ өмiр көрiнiсi. Адам өл­ген­де денесiнен элек­тр импульсы ғарышқа ұшып кетедi. Бар болғаны – осы”, – дейдi ол.
Бұл құбылысты әркiм әрқалай түсiндiредi. Бiр анығы – бiзден өркениеттен бөлек басқа әлемнiң өмiр сүретiнi шындық.
Сол тәрiздi ғарышта 28 жыл болып қайтқан Чарльз Гинсон да сол өркениеттi көрiп қайтты деген болжам бар. Әйтпегенде, азық-түлiк пен отын қоры небәрi жарты жылға жететiн кемеде қалайша 28 жыл өмiр сүрген? Бұл оқиғаның жұмақ немесе тозаққа тiкелей қатысы бар болуы мүмкiн. Жерге дiн аман оралғанына қарағанда, Гинсон жұмақты көрiп қайтқан болуы да ықтимал.

Комментариев нет:

Отправить комментарий