пятница, 20 декабря 2013 г.

Махаббат жайлы өлеңдер

Жіберілмеген sms
Жанарымыз жұлдыздардан жаралған,
Жүрегіміз – шашыраған аралдар.
Сен – демімсің, басталатын самалдан,
Мен – өлеңмін, тылсым түнге қамалған.
Көзіңдегі мұхит – менің мекенім,
Толқын шашың – сыйынатын тотемім!

Ерініңде мен сүймеген көк өрім,
Еріп жатыр удай тәтті шекерің.
Кірпіктерің мұхитымның шетінде,
Сая тапқан бұйра-бұйра кекілден.
Тамшы-ғұмыр сенсіз өткен мөлдіреп,
Мөлтеңдейді сен сүймеген бетімде.
«Иә» мен «жоқ»
«Иә» мен «жоқтың» арасында жауабың,
Мен еститін сол үнсіздік баяғы…
Ал, мен сенің көздеріңе табынып,
Жүрегімді жайнамаз қып жаямын.
«Иә» – десең таралады бойға ыстық,
«Жоқ» – десең бе? Мен жаһанға симаспын.
Бізді қазір бір нүктеде ұстап тұр,
«Иә» мен «жоқтың» арасында қимастық.
Кейде ұшып кетердейін құс болып,
Кірпігіңнің әр қимылы астарлы.
Сол кірпіктен тұтанады бір күні,
«Иә» мен «келдің» ортасында құштарлық!
Сені ешкімге бермеймін…
Сені ешкімге бермеймін!
Сұрамасын!
Сұрамасын, жанымның мұнарасын!
Маған сені Тәңірдің өзі берген,
Пейіште періштелер жылағасын!
Мен сені көкте Күннен қызғанамын!
Сезіле ме жүректің мұздағаны?
Мына опасыз дүниеде күнәсі жоқ,
Тәңірдің сүйіктісі біз ғанамыз!
Мен сені сүюден жалықпаймын,
Қанатсыз-ақ қасында қалықтаймын!
Сен қасымда болғанда жұмақтаймын,
Сен жоғалсаң, алаулы тамұқтаймын!
Мен сені сағынудан азап шегем,
Азап шегем..
Бұл азап ғажап неге?!
Кеудемдегі жалынмен салыстырсаң,
Аяз болып көрінер тозақ деген!
Біреу менің көзімнен байқар күзді…
Мен сені ұмытуға қауқарсызбын!
Имандылық заңдарын бұзған бұлар,
Жүзі күйген пенде деп айтар бізді..!
Айта берсін!
Құлағыма ол сөзді іле алмаймын,
Себебі мен сезімсіз жүре алмаймын.
Өзгелерсіз күн кешсем, өкінбеймін,
Ал, өзіңсіз өмірді сүре алмаймын!

Жалған айтқан жараспас ер жігітке,
Жаным деумен жүректі сен жібітпе
Қызға жігіт,жігітке қыз көп емес пе
Осыны сақта жаным мәңгі есте

Өтіріктің өріп жаттым бұрымын,
Жақпаса да өз өзіме қылығым.
Заман осы дедім дағы, ұялмай
Кебін кидім арам ниет ұрының.
Алтын емес, байлық емес мұратым!
Алтыннан да аса қымбат тұратын
Көздегенім – жалғыз жүрек, сенікі!
Өзімдікін саған кеше ұрлаттым.

Адамға махаббатсыз өмір барма?
Өмірдің махаббатсыз саны барма?
Махаббат-жүрек.
Жүрексіз құр кеуденің жаны бар ма?

Сен мені сүймедін амал қанша,
Сенің де өз сүйгенің болар басқа.
Бәрібір мәңгілікке сүйіп өтем,
Жүрегімді жараладың жазылмасқа.

Күле алмаймын сенен басқа жан үшін,
Сендік сезім мөлдірейді менде шын.
Сені өзгеден қызғанбай-ақ қояр ем,
Жүрегіме жетсе менің өз күшім.
Алданышым емессін ардағымсын,
Жүрегіме жақын боп қалғаның шын.
Мен өзімді бақытты сезінемін,
Сендей жаннын өмірде болғаны үшін.

Өмір сүру бір бақыт түсінгенге
Жаксы көріп, ұнатып, бір жүргенде
Мен сен үшін баріне дайын едім
Дақ салдың кіршіксіз, ақ жүрегіме!

Дүниеде не жаман,сүйген жаман.
Махаббаттың отына күйген жаман.
Екеуі бірін-бірін сүйіп тұрып,
Екеуі екі жақта жүрген жаман.

Сағынып соңғы кезде жылап қалам
Жыр жазып, каламымды қолға алам
Кеудемде қараңғылық үрейлесе
Сен жаққан жүректегі шырақты алам

Аспанда дара туған Ай-Күнбісің
Әлде еш табылмайтын қайғымбысың
Жүрегімнің аңсап күткен жанымысың
Барады тереңдеп, менін сағынышым

Омір деген кетер,
Бірак достық өшпейді.
Достық пен Махаббатқа,
Ешбір баға жетпейді!!

Еске алып әрбір сөзіңді,
Ұмыттым бір сәт төзімді.
Арамыз алшақ кеткен соң,
Сағындым жаным өзіңді!!!

Жүрегімнен орын бердім өзіңе.
Сендім сүйем деген сөзіңе,
Умытайын ,ойламайын десемде,
Жүрегимнен кетпей койдын сен неге?

Сен Махаббат аралы, Мен Сезім кемесі,
Жүгім Бақыт, Капитаным Жүрек.
Тыңдашы, не дейді жағадағы дауыс?!
«Сағындым сені, Сүйемін сені…»

Мен сені ұнатамын, ….
Мен сені ұнатамын,.
Дегенменен,
Басқадан көрмегенді сенен көрем
Өз обалың өзіңе, өзіңмен көр
Бір күні ғайып болсам егерде мен.
Басқадан көрмегенді сенен көрем
Сен биікте жүрсін деп төмендегем
Кім екен мені өзіңе дуалаған?!
О Тоба мен неғылған өлермен ем??
Кім екен мені саған дуалаған?!
Сенсіз де көңілденем, қуана алам
Кім екен
Мені сенен айналдырып
Цирктің аттарындай қуалаған?
Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін, зәредей аса қылып
Сенің ғана ырқыңа бас алдырып
Бұға берем….
Неғылған жасандылық…..
Мен сені ұнатамын.
Бірақ, бірақ ….
Мейіріңді қайтейін, жылап сұрап
Ұнатамын дегенім – жасандылық,
Саған деген жүрегім құрақ – құрақ!!!!!!!

Сырым,сырым мұңымды ұғасын ба?
Сырласамын өзіңмен мұңдасамын.
Жараланған жүректін мұңын саған,
Саған ғана айтсам деп қыр асамын.

Комментариев нет:

Отправить комментарий