пятница, 20 декабря 2013 г.

ҚАЗАҚША ҮЗДІК ӘЗІЛДЕР.

ҚАЗАҚША ҮЗДІК ӘЗІЛДЕР.
1.Ескі таныстар жолығып қалады:

– Жағдайың қалай?

– Жақында жұмысқа тұрғанмын.

– Қанша айлық аласың?

– Күнделікті нанға жетеді, әйтеуір.

– Сонда күніне 52 теңгеден табасың ба?



 2. Емханада:

– Сіздің денсаулығыңыз жаман емес. 85-ке дейін өмір сүресіз.

– Мен 85-темін ғой.

– Айттым ғой, 85-ке дейін деп



3. Барда екі удай мас отыр:

– Сағаттың неше болғанын білесің бе?

– Білемін.

– Рахмет.



4. Ауруханада жатқан науқастардың палатасына бір адам кіріп:

– Өткен айдың жиырма бесінде  кім анализ тапсырып еді?

– Мен!

– Бойыңыздың өлшемі қандай?

– 1 метр 75 сантиметр.

Әлгі адам жазып алып, кетіп бара жатқанда науқас соңынан:

– Дәрігер, сонымен анализім не болды?

– Мен дәрігер емеспін. Мен  табыт жасайтын ұстамын



5. Емтиханда:

– Мен саған бір-ақ сұрақ қоямын: Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

– Гитлер опасыздықпен Кеңес Одағына басып кіргенде.

– Мен саған нақты жылын айт деп тұрмын.

– Ағай, бір-ақ сұрақ қоямын дегеніңіз қайда?



6. Дәрігер науқасқа:

– Сізге көк шай мен бассейн жақсы көмектеседі. Екі аптадан соң қайта қаралуға келесіз.

Арада екі апта өтеді.

Дәрігер:

– Халіңіз қалай?

– Кішкене жақсарып қалған сияқты, тек жүрегім айнитыны болмаса.

– Неге, көк шай іше алмадыңыз ба?

– Жоқ, бассейннің дәмі біртүрлі екен...



7. Екі құрылысшы жаңа салынып жатқан үйде қабырғалардың дыбыс өткізбейтіндігін тексеріп жүр:

– Қалай,Бәке! Мені естіп тұрсың ба?

– Айғайлама! Мен сені көріп тұрмын.



8. Екi қазақ жолда келе жатып құдыққа түсiп кеткен еврейдiң баласын құтқарып алады.

Ертесiнде екеуiнiң үйiне баланың әкесi келiп:

– Кеше менiң баламды құдықтан шығарып алған сiздер ме?

– Иә, иә, бiз құтқарып қалып едiк, – дейдi ерекше құрмет күткен екеуi.

– Баламның баскиiмi қайда?



9. Сот залында:

– Айыпталушы, арнайы рұқсатсыз 27 балық аулағаныңызды растайсыз ба?

– Растаймын, мәртебелі сот мырза! Осы сөзіңізді тағы бір қайталаңызшы. Қанша балық аулағанымды залда отырған достарым біліп жүрсін.



10. Такси тоқтатқан жігіт:

– Вокзалға дейін қанша аласыз?

– Екі мың теңге.

– Ал мына жүктеріме қанша төлеймін?

– Багаж тегін ғой бізде.

– Онда жүгімді ала кетіңіз! Мен артыңыздан трамваймен жетемін.



12. Аң аулауға кеткен күйеуi кешкiсiн үйге ашуланып кiрiп келедi:

– Түлкi деген кәдiмгi ит екен ғой!

 Әйелi:

– Не болды сонша?

– Орманның шетiнде бiр түлкi қашып бара жатыр екен. Көздеп тұрып, дәл тигiздiм. Бiрақ қасына барсам, ол түлкi емес, ит болып шықты.

– Бiздiң Ақтөс пе?..



13. Бір шал аңға шыққан ғой. Сосын үйіне келсе кемпірі:

-Бірдене аттын ба?

-Аттым! - деді шал

-Атқан нәрсен қайда?

-Ауруханада жатыр.



14.  Таксимен керектi жерiне жеткен Қожанасыр жүргiзушiге:

– Қанша ақша аласың? – десе, жүргiзушi:

– Екi доллар! – дептi. Қожанасыр бiр доллар берсе, әлгi жүргiзушi ашуланып:

– Мен сiзге екi доллар деп айттым ғой! – дептi.  Сонда Қожакең де бұлқан-талқан болып:

– Неменеге айқайласың? Екеумiз бiрге келген екенбiз, бөлiп төлеймiз!–деген екен.



15.  Бiрде Қожанасыр бiр үлкен емен ағашының астында демалып жатып:

– Осы талда қанша жапырақ болса, менiң сонша малым болса ғой шiркiн – деп ойланып, қиялдаса керек. Оны бiр көршiсi естiп қойып:

– Қожеке, сонша малыңыз болса, менiмен бөлiсер ме едiңiз? –дептi. Сонда Қожанасыр:

–  Ой, бiреудiң мал-мүлкiне ортақтасқанша, басқа тал тауып алмайсың ба? – дейдi



16. – Қарындас, қандай шарап ішесіз, әлде сыра ішесіз бе?

– Мен ішпеймін.

– Қарындас, киіміңізді әкеліңіз, іліп қояйын!

– Жоқ, өзім ілем.

– Қарындас, мұнда отырыңыз!

– Түу, қалмай қойдың ғой сұмырай. Қылмыңдамай аулақ жүрші!

– Кешіріңіз, қарындас, мен даяшымын ғой!



17. Дәрігердің кабинетіне бір әдемі қыз әжесін ертіп кіріп келеді.

Дәрігер қызға:

– Шешініп, ана жерге жата бер, – дейді.

– Кешіріңіз ағай, мені емес, әжемді қарауыңыз керек.

– Онда әжең аузын аша қойсын.



18.  Бірде бір молда намазын құбылаға емес, теріс қарап оқып отыр екен. Мұны байқап қойған біреу:

– Молдеке, құбыла мына жақта емес пе, неге теріс айналып кеткенсіз?

– Кеше аздап жұтып қойып едім, енді құбылаға қарайтын бет жоқ, – деген екен.



19. Атасы күні-түні интернеттен шықпайтын немересіне айқайлап ұрсып, интернеттің зиянын айтып жеткізе алмайтынын біліп:

– Е, мейлің, сайттан алғыр, – деп қолын бір-ақ сілтепті.



20. Түн ортасы. Есіктің тарсылынан үйдегілердің бәрінің ұйқысы шайдай ашылды. Отағасы есікке таяп келіп:

– Бұл кім?!

– Бұл кім десең, мен қазақпын...

– А-а... Ерболат, сен екенсің ғой, түнделетіп неғып жүрсің?

Комментариев нет:

Отправить комментарий