Айтыстардың екеуі де жай ғана болған еді, мағынасына кешірім сұраймын.
АЛҒАШҚЫ АЙТЫС.
(Ақжол (HintheF), Ақбота және Жұбатхан)
HintheҒ:
Армысың, ағайыным, сөз бастайын,
Қара сөзді келістіріп мен саспайын.
Тақырып СЖ сайты туралы екен
Ендеше бұл айтыстан мен қашпаймын.
а-ее-ее-айй..)
Жұбатхан:
Шекісіп,бекіседі ердің ері,
Жерқып жеңіп тоқтайды нағыз сері.
Айтысқа қояр жалғыз талабым бар:
Жеңімпазға берілсін сайттың төрі.
HintheF:
Талабың таудай екен, Жұбатханым,
Әрине, келісеміз, қуантқаным.
Шекісіп бекіссекте арамызда
Нәп-нәзік гүліміз бар, жалғыз ханым.
Жұбатхан:
Алтын сөз бар жараны емдей ма екен?
Ол ханымның тілі бар ма, сөйлей ма екен?
Хордың қызы, сөзге шешен болып тұрса
Қысылмай арамызға келмей ма екен?
HintheF:
Аламыз онсызда сайттың төрін,
Әрине, ең алдымен жақсы көрін.
Жақсы болсақ арамыздан түлкі өтпес
Сондықтан домалатсақ тасын өрдің.
Ақбота:
Қосылайын, келейін, ашайын сайттың төрін,
Мың алғыс Ақжолға, ескерген гүлдің барын!
Жұбеке, саған келсек, айтыста жолымнан тайындырар бар ма ойың?
Жұбатхан:
Сайт төріне сияды тек бір жамбас,
Бірге тұрып болмайды үш қазанбас.
Қанша қырғын болса да біреу жеңер
Басқаларға сол алтын төр бұйырмас.
HintheF:
Хордың қызы өзі білер келсе дағы,
Бәлкім төрге шығып қалар жанса бағы.
Алпамсадай біз жігіттер тұрған кезде
Қазылық осы айтысқа жақсы жағы.
Жұбатхан:
Айтқаныңнан көрінбейді сөздің күші,
Мың жерден болсаң-дағы жақсы кісі.
Ақботамен бірігіп ап қыспағайсың
Жабылу-жақсы емес, ездің ісі.
HintheF:
Әне-міне бұл айтысты бастап кеттік,
Асығыңдар таяп уақыт түнге жеттік.
Төр-төр деп бұл негізгі тақырыптан
Байқасам жан-жаққа ауып кеттік.
Ақбота:
Байқамаппын, айтыскер бар екенін біздің сайтта,
Айтыскер талайды жеңіп шығар бұл заматта.
Тілдерің өткір екен,
Жүзіндей алмас қырлы,
Осыған дейінгі кез
Айтыспап ем жұрт секілді.
Көрейік, бұл айтыста қай дүлділ озып шығар,
Байқаймын: өлеңім ұйқассыз болып жатыр.
Осы айтыстың екі бірдей дүлділі отыр
Кешірім сұраймын мен олардан.
Жұбатхан:
Қайткенменен профессор ағамызсың,
Жыртылмайтын,тозбайтын жағамызсың.
Ақботаға аға болып көмек көрсет,
Мен, ел бәріміз ризаболамыз шын.
Жұбатхан:
Ақжол жүр сұрақтарды былықтырып,
Мен жүрмін «орыстарды» "шынықтырып".
Бәрімізде бір біреуден кемшілік бар,
Ақбота, қайда жүрсің бүлік қылып?
HintheF:
Жұбатқан, қателеспе, жабылғам жоқ,
Жабылатын маған қарсылас табылған жоқ.
Үні шықпай қалған соң Ақботаны,
Сүйреледім, досым менің, жабылғам жоқ.
Ақбота:
Жұбеке , бұнын не сөз түсінбедім,
Маған керек еді біреудің жұбанышы.
Алдымен өз өзіңді түзеп алғай,
Білемін ағамыз Ақжолдың ұлы екенін
Сайттың ол да бір қуанышы.
HintheF:
Байқаймын сөзің сенің қатты-қатты,
Сен айтсаңшы оданда нақты-нақты.
Сөздеріңде селеудің шаңы жоқ қой
Қайдағыны айтасың ғой саққұлақты.
Ақбота:
Айт десең сөзім көп қой айтар менің,
Көптің ісін бітіріп сайтымызда.
Десе де оңашыл болып апсың
Бұдан да бір сезікті байқар ма едім.
Жұбатхан:
Профессор, "селеудің шаңы" несі?
(Мынаның дұрыс па өзіақыл-есі?)
Сөзіңді түсініктірек етіп өңде
Модерлердің болсаң-дағы«маладесі».
HintheF:
Жаңадан кеп сайтымызға заң орнаттың,
Бұлай-бұлай кете берсең сен қорлаттың.
Көкірек боп өзіңше керілесің
Соншама сен бүйтетіндей не қолдап тұр?!
Жұбатхан:
Ақботаның түсінбедім «оңашылын»?
Жазсаңшы кереметтей,жанашырым.
Әрқайсысы жаңа сөзден ойлап тауып,
Ойпырмай, мыналардың жаңашылын??!
Ақбота:
Түсінбесен түсініп ал, қарағым,
Отыратын уақытым жоқ
Тәпкіштеп түсіндіретін.
Сендейлермен уақытты құр өткізгенше
Оқиын азанғы сабағымды.
Шамалы уақытқа *отошла* болсам егер
Жағамнан ұстап алып ұрсар ма едің?
Жұбатхан:
«Айтыс» десе жүгіреді жас пен кәрі,
Айтыста болады ғой бәрі-бәрі.
Құрдастық ойын еді жазғандарым
Жігіт кұсап көтерсеңші әзіл-әнді.
HintheF:
Тіліңді тарт! Абайла, інішегім,
Ақылдыдай түріңнен-ай кісішегім.
Анау тұрған басыңдағы ақылыңды
Шайнап жақшы қайтадан пісіп жетіл.
Ақбота:
Жұбатхан, алмағайсың көңіліне
Анда-санда ондай-ондай боп тұрады
Жұбатхан:
Ақжол аға, қаттыжаздың, мұның жай ма?
Жолдастар бір біріне «қырындай»ма?
Ойлап айтқан ойынды көтере біл
Айтыстың қызығы да осындайда.
Жұбатхан:
Ақжол, Ақжол, жат әрі ырылдамай,
Досыңды тістеп алдың бұның қалай?
Жұбатхан, айтысқа құмартам деп
Осыншама сөз естідің, қайран бала-ай!
HintheF:
Білемін бәрі әзіл, бәрі ойын,
Айтыста тыңдамаймын жұрттын "қойын".
Ренжімессің қатты кетсем бұл айтыста
Сөздерім сүйек тесер темір - шойын.
HintheF:
Былықтырып қоюдасың сен сұрақты.
Дым білмисің, досым-ау, сен тұрақты.
Жас баладай тым таяз ойлайсың ба?
Сұрақтарың аншейін әріп құрапты.
Жұбатхан:
Ақбота да айтысқа «кіріп-шығып»,
Сөздерің де майдаланды «іріп-шіріп».
Конф-ТВ-дан шығуым керек боп тұр
Айтыс та кетіп барад қызықтырып.
HintheF:
Жеңілем деп сақтанып қашудасың,
Жынданып сабырланбай ашудасың.
Жеңбейсің тіліңе қойсаң-дағы
Ең асылын кереметін "ашу тастың".
Ақбота:
Жұбатхан,жетер болды,
Шеттен шықтың.
Ассалаумалейкум деген сайын
Таза үйге аяқ киіммен кіріп шықтың.
ЖҰБАТХАН, әзіл-пәзіл көтерер ем,
Жүдә ,қоймайсың ғой тіптен.
Мен сені өскен ба деп ойлап ем,
Біліп ал (іріп шіріп)қай жерде қолданарын .
Өзіңді жоғары санаймысың ?
Соншама кекетіп,мұқататын сен кім едің?
Жұбатхан:
Білім едім екеуінің жабыларын,
Ойларының бір жерден табыларын.
Өлең жолын жазғанда-ақ ойлағанмын
Сөзің өтті деп маған қағынарын.
HintheF:
Сөздерің маған жетпей құлап жатыр,
Зорғалаған әріптерің сұлап жатыр.
Осы айтқан сөздерімді естіген соң
Жуба досым еңкілдеп жылап жатыр.
Жұбатхан:
Жеңер болса неге отсың бағанадан?
Жауапты қайтарады бір-ақ адам.
Жаманды иіскейтін жан емеспін
Мен жігітпін ашутасты жаламаған.
Ақбота:
Жұбатхан, олай ақталмақ қой,
Түсіндік қой мағынасын іріп-шіріп.
Жабылып жатқан ешкім жоқ қой,
Өз жазған сөзіңнің мағынасын түсінгейсің.
Жұбатхан:
Құдайым бар күнәсін кешіргендей,
Ақжол ағам сөз таппай есіргендей.
Өлеңінің бір сөзін келістірмей
Ақботамыз жолынан кесілгендей.
Қара сөзбен Ақбота жатуы керектігін айтады.)
HintheF:
Ақботада досым-ау шатағым жоқ
Сыландап ол да отыр қатаған боп
Екеуің маған дағы жабылсаңда
Сұлатамын асыл сөзбен қададым доп.
Жұбатхан:
Көрер көздер қашқаныңды көрмей қалмас,
Үндемей қалсам саған тағы болмас.
Маған ұрсып, сені жақтап, Ақжол аға
Әйтеуір түбінде ол тағы оңбас.
HintheF:
Ақжол ағаң сөз таппай не көрініпті,
Сабақпенен айтыстың да төрін ұтты.
Сабақты отырсамда зуылдатып,
Бұл жерде орын бермес орын құтты.
HintheF:
Жұбатқан сенде жақтап қоймайсың, ә?
Сүйегіңнен сөз өтседе тоймайсың, ә?
Ақжол деген "братанға" бәрібір ғой.
Құтты "төрді" мен алғанда тойлайсың ба?
HintheF:
Кеттің бе бұл айтыстан сенде қашып?
Қу-талақай сөздеріңмен арып-ашып
Біліп едім осылай етеріңді
Ақбота мен Жұбатхан да бірге ұшып.
Жұбатхан:
Арманың оңайлатып келе қоймас
Жұбатхан жаяулатып бере қоймас.
Сен сияқты тас жалаған адам емес
Түбінде сені бірде жеңбей қоймас.
Жұбатхан:
Үндемесем, бұл айтыстан қашқаным жоқ,
Сөзімді айдалаға шашқаным жоқ.
Ертең де менің көрер жарығым бар
Жұмысым бар, Шиеліде шаруам көп.
HintheF:
Жеңілгеннің сөзі көп деп мылжыңдадың
Олақ-салақ сөздеріңмен қылжыңдадың.
Отырсың осы кезде сөз табалмай
Онда досым отыра бер жылжымағын.
(Айтыс соңында ертеңіне жалғастырылмақ болды, бірақ та белгісіз себептермен аяқталмады. Көрермендер өздері бағалайды деп сенемін.)
Комментариев нет:
Отправить комментарий