СҰРАҚ-ЖАУАП САЙТЫНА!
Береді бәріне де керек сабақ,Артық емес айтылса да қанша мадақ.
Атақ-даңқы артып бүкіл елімізде
Белестерді бағындырсын Сұрақ-Жауап!
Қаншама сарп етілген ынта-талап?!
Үшінші орынды алды ел бағалап.
Гүлденсін, өркендесін, дами берсін
Жасай берсін, жасай берсін, Сұрақ-Жауап!
Сайтты ашқан админге таң қаламын.
(Қанша жанның алған екен сауабын?)
СЖ үшін мың сан еңбек сіңірді,
Көтерді ол шыңға Сұрақ - Жауабын!
Бас иемін сайтымыздың ДАҢҚЫНА!
Бас иемін Сұрақ-Жауап ХАЛҚЫНА!
Осыменен өлеңімді бітірдім
ТАБЫС тілеп СҰРАҚ-ЖАУАП САЙТЫНА!!!
Комментариев нет:
Отправить комментарий