Әдемі Әзіл
Әкесі баласына:
– Өскенде кім боласың?
– Такси жүргізушісі болам.
– Неге?
– Жолға ақшам кетпейді...
***МАИ қызметкері жүргізушіні тоқтатады:
– Неге қауіпсіздік белбеуін тақпағансыз?
– Қарныма жетпейді.
– Тәртіп бәріне бірдей, айыппұл төлейсіз.
– Айыппұлды маған емес, қысқа белбеу шығарған компанияға салғаныңыз дұрыс болар...
***Емханада:
– Дәрігер, айтыңызшы, өлгеннен соң екінші өмір бар ма?
– Сәл шыдасаңыз, оны өз көзіңізбен көресіз...
***Сот залында:
– Айыпталушы, сіз неге көршіңізден көмір ұрлап от жағасыз?
– Ол бәрібір отқа көмір салмайды, үйін токпен жылытады емес пе?
***Емханада:
– Дәрігер, сіз менің сау тісімді жұлып алдыңыз ғой.
– Ештеңе етпейді, кейін ауырса бәрібір келер едің...
***Қаламдастардың әңгімесінен:
– Шығармашылық бәйгеден тағы өте алмадым.
– Өлең беріп пе едің?
– Иә.
– Өлең емес, төлем беруің керек еді.
***МАИ қызметкері бір жас жүргізушіні тоқтатады:
– Жол ережесін өрескел бұзғаның үшін куәлігіңді тартып аламын.
– Өзің біл, әке...
***Емханада:
ОтветитьУдалить– Дәрігер, айтыңызшы, өлгеннен соң екінші өмір бар ма?
– Сәл шыдасаңыз, оны өз көзіңізбен көресіз)))))))))))))
Қатырыпты!!!