пятница, 10 января 2014 г.

ҚАЛТАФОН ҚҰПИЯЛАРЫ


1. Бір минут - екі минуттың құнына тең
Көптеген адам сөйлесу уақытын дәл бір минутқа толар-толмаста аяқтасам, сөйлесу құнын үнемдеймін деп ойлайды. Алайда, мүлде олай емес. Байланыс абоненттері 55-секундтан бастап бір минут аралығын екі минутқа тең деп есептейді.
2. Жасырын сақтық қуат көзі
Қолфоныңыздың қуаты таусылып бара жатса, *3370# кодын терсеңіз, телефон қайта қосылғанда 1/2 қуатын қайта жинап алады. Жасырын сақтық қуат көзін істеткеннен кейін міндетті түрде телефонды зарядтауыңыз керек.
3. Пульт көлік ішінде қалғанда, телефонның қандай пайдасы бар?
Көлігіңіз құлыптанып қалып, пульті ішінде қалса не істейсіз? Алаңдамаңыз, үйде екінші пульт бар ғой. Бірақ, оны алып келуге көп уақыт пен шығын кетеді. Үйге телефон жалғайсыз, қолфоныңызды көлік есігіне 30 см жақындатасыз, қарсы жақтағы адам үйде қалған пультті телефон тұтқасына жақындатып, ашу батырмасын басады. Есік ашылады.
4. Ұрыдан сақтану
Қалтафоныңыздан *#06# кодын терсеңіз, ұзын-сонар цифрлар пайда болады. Жер шарындағы әрбір қолфонның өзіне тиеселі желілес нөмірі бар. Осы нөмірді көшіріп алып, сақтап қойыңыз. Телефоныңыз жоғалып жатса, осы нөмірді қолфон алған дүкенге немесе өндіруші орынға айтып берсеңіз, олар телефонның экранын құлыптап тастай алады. Осыдан былай мейлі қандай чип салса да, ұры ол телефонды істете алмайды деген сөз.
5. Қуат көзін сарқа тауысып зарядқа қою қате
Қолфон қолданушылары өз құрылғысының қуаты сарқа таусылғаннан кейін барып токқа қосып жатады. Қазіргі телефондардың көбі никель сутекті қуат сақтағыш болғандықтан, батереяның қуаты әбден таусылғаннан кейін зарядтай бастасаңыз, оның ғұмыры қысқаруы мүмкін.
6. Телефон зарядталып жатқанда қоңырау қабылдамаңыз
Дәл осындай жағдай 31 жастағы үнді жігітінің басында болған. Күшті ток ағысы қолфон арқылы адам денесіне өтіп, шұғыл құтқару жеткенде жігіт тіл тартпай  кеткен.
7.Телефоныңыз құлыптанса 
Телефоныңыз ашылмай, құпия кiлтсөз сұрай берсе 7073 кодын терiңiз.  Теле2 операторында жасырын номерді анықтау ушiн *117*1# тересiз. (теле2)
8. Желі байланысы төмен кезде қалтафонды істетпеңіз
Қолфоныңызда бір ғана сеть тұрса немесе желімен байланыс мүлде жоқ кезде телефон соғушы болмаңыз. Себебі, дәл сол кезде телефоннан шығатын электронды магнит ағысы әдеттегіден 1000 есе жоғары болады. Бұл жағдай осы салада еңбектеніп жүрген мамандардың басын ауыртатын мәселеге айналған. Әдетте өндіруші компаниялар желі байланысы төмен аудандарға арнап магнит өрісі жоғары телефондарды өндіреді. Қолфонның сеті толық кезде оның магнит өрісі 0,6 уат болады. 0,6 саны аса жоғары көрсеткіш болмаса да, мына тәжірибеге қарап көріңіз:
  • Қарапайым, шығын ғана радиоқабылдағыштың дауысын ең жоғары шекке жеткізгенде, оның магнит өрісі 0,25 болады. Яғни, телефонның 1/3 ғана.
  • Саусағыңызды 0,1 уат электр сымына тигізіп бірнеше минут тұрсаңыз, саусағыңыздың ауырғанын сезесіз. Осы екі түрлі жағдайға да ұзақ уақыт төзу мүмкін емес. Ал телефон сеті толық, жақсы ұстап тұрған кездегі бұл көрсеткіш 0,6 болады.
9. Басқалардың мазалауынан құтылғыңыз келсе, **21*999999# белгілерін теру арқылы телефоныңызды бос нөмір етіп қоюыңызға болады. ##21# белгілерін теру арқылы ашасыз. Бұл қызмет түрі ақысыз. Ал Activ қолданушылары үшін **21*2050# белгісі арқылы телефонды сөндіру қызметіне қоюға болады. Қалтафон ашық тұрады, бірақ келген қоңырауларға «Сөндірулі» деп хабарлайды. Нөмірі сізге SMS болып жетеді. Ашу амалы ##21#.
10. Қолфоныңызға су кіріп кетсе, оның батырмаларын басып, сілки көрмеңіз. Дереу қуат көзінен айырып, ыстық күн түсіп тұратын жерге немесе ыстық желмен кептіріп, судың буланып кетуін тездетіңіз. Қаптағы күріштің арасына салсаңыз кептіру үрдісі жылдамырақ жүреді. 
11. Мүлде қуат сақтамайтын батереяны қайта жаңа күйіне келтіруге болады. Батереяны газетке ораңыз, сосын пакетке салып, тоңазытқышқа (холодильник) 48 сағат қойыңыз. Сосын оны қайта алып, қалыпты салқын, құрғақ жерге 24 сағат қойыңыз. Өнімі өте жақсы болады. Бұл әдісті ноутбуктың батереясына да істетуге болады. Тек тоңазытқышта тұрған кезде су тиіп кетпесе болғаны.
12. Қалтафоныңыз өз-өзінен өшіп қала берсе, не істеу керек? Қуат көзі толық болса да өшіп қалады, неліктен? Алаңдамаңыз, бұл сіздің телефоныңыздың сапасының нашарлығы емес, қайта электр жолының кедергіге ұшырауынан болуы мүмкін. Қолфоныңыздың батереясын алып, оның телефонға жалғанатын жерін кәдімгі өшіргішпен сүртіңіз. Телефонды да.
13. Смартфоныңыздың экранындағы дақ пен кірді қалай кетіруге болады?
Бұл дақтар мен майлы кірді кетіру үшін аз мөлшердегі тіс майын экран сүрткішке жағып, сәл қаттырақ ысқыласаңыз болғаны, дақтар ғайып болады. Соңынан таза сүрткішпен экранды қайта бір сүртсеңіз, жарқырап шыға келеді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий