суббота, 21 декабря 2013 г.

Келешекте адам келбеті қандай болмақ?


БОЛАШАҚТАҒЫ АДАМДАР


Тіс орнына тұмсық, түсі өзгеріп тұратын тері және иілгіш қаңқа. Миллион жылдан кейін ададар осы қасиеттерге ие болмақ.

Адамзат эволюциясы қызықты әрi жұмбаққа толы процесс. Мәселен, кезiнде ежелгi адамның терiсiн басып жатқан түк жоғалып кеттi, қазiргi адамның миы 40 грамға ауырлады, тағысын тағылар. Ғалымдар адамзат эволюциясы жалғаса бередi деп есептейдi.
АҚШ ғалымы Дин Бернетт бiздiң арғы ұрпақтарымыз қандай болуы мүмкiн деген сұраққа жауап iз­дедi. Болашақта адам терiсiнiң түсi өзгерiп тұрады, қаңқасы иiлгiш, ал есту қабiлетi iрiктегiш және қолында қармауыштары болады дейдi ол. 
“Адамзат хамелеон тә­рiздi терiсiнiң түсiн өз­гертудi үйренедi. Мұндай қасиетке хроматофорлар – жарық шағылыстырушы органеллалар арқасында ие болады. Сенсорлы экран мен компьютер батырмасын оңай басқару адамның қолын ептi ете түседi. Сөйтiп, қолында қармауыштар пайда болады. Оған жаңа технологиялардың арқасында қол жеткiземiз. Ал есту қабiлетiне келетiн болсақ, бiз қазiрдiң өзiнде белгiлi бiр әңгiме немесе шуға ғана назар аударуды бiлемiз. Бiрақ адамда қандай да бiр шуды естiмеуге мүмкiндiк беретiн механизм жоқ. Алайда болашақта бәрiбiр сүзгiден өткiзетiн iрiктеушi есту қабiлетiне ие боламыз. Сонда өзiмiзге жағымсыз дауыс, кедергi келтiретiн шуды сүзгiден өткiзiп, естiмейтiн боламыз. Сөйтiп, болашақ ұрпақ күйгелектiктен арылады, жүйке жүйесi мықты адамға айналады. Сәйкесiнше, ұзағырақ өмiр сүредi. Ал өмiр сүру қауiпсiз бола түсетiн­дiктен, адамзат қазiргi қат­ты, иiлмейтiн қаңқаны қажет етпей қалады. Десек те бұл шамамен миллион жылдан соң ғана болатын өзгерiс.
Осы теорияны қуаттаған Шеффилд университетiнiң мамандары эволюция про­цесi барысында адамзат тiстен айырылып, оның орнына өткiр тұмсыққа ие болады дейдi. Себебi тiс – қазiргi адам ағзаның ең осал жерi. Бүкiл ғұмыр бойына ол небәрi бiр-ақ рет түсiп шығады, бүгiнде түрлi ауруға ұшырайды. Олай болса, ең әлсiз орган жойылуы тиiс. Кезiнде денедегi түк пен құйрық та осылай жоғалды емес пе.
Тiстiң орнына өсiп шығатын тұмсық құстiкiндей емес, тiкендi балықтiкiндей болмақ. Мұндай төрт пластинкалы тұмсықтың көмегi­мен осы балықтар ұсақ жәндiктердi тез аулап, үгiте алады. Бiрақ мұндай тұмсық тек 2 миллион жылдан кейiн ғана өсiп шықпақ.

Комментариев нет:

Отправить комментарий