суббота, 21 декабря 2013 г.

Ақырзаман қашан болады? Ақырзаман жайлы не білеміз?

Ақырзаман төңiрегiнде алып­қашпа әңгiмелер мен болжамдар тым көп. Соңғы жылдары ақырзаман 2012 жылы болуы мүмкiн дегенге саятын долбарлар айтылғаны белгiлi. Десек те британдық ғалымдар ақырзаман хронологиясын жасап шығыпты. Бұл тiзiмге алдын ала болжанса да, болмай қалған ақырзаман жылдары енген. Сондай-ақ ғалымдар алдағы ақырзаман туралы да болжам жасапты.
1000 жыл. Сол заманның қолжазбаларына қарағанда, бұл жылы бүкiл Еуропаны үрей билеген. Адамдар күнделiктi жұмыстарын ысырып тастап, шiркеуге барып, бой тасалаған. Құдайдан жасаған күнәлары үшiн кешiрiм сұрап, жалбарынумен өткен. Қайсыбiреулерi мүлiктерiн кедей-кепшiктерге таратқан. Аквитанияға жауған қызыл жаңбыр мен Англияға түскен метеорит еуропалықтарды одан бетер үркiтiп, дүрлiктiрген екен.
1033 жыл. Бұл жылы Иса пайғамбардың қайтыс болғанына 1000 жыл толыпты.
1248 жыл. Дiни алауыздық өршiген­дiктен, бүкiл адам­зат апатқа ұшырайды деп болжанған. Бiрақ Рим папасы III Ин­но­кен­тийдiң бұл болжамы расталмады.
1603 жыл. Доминикан монахы, астролог және жазушы Томазо Кампанелла осы жылы Жер мен Күн соқтығысады дептi.
1658 жыл. Христофор Колумб өз кiтабында адамзат дәл осы жылы Жер бетiнен жойылады деп жазыпты.
1910 жылдың 18 мамыры. Астрономдар осы күнi Жер бетiне Галлей құйрықты жұлдызы түсуi тиiс деп бүкiл жұртты дүр­лiк­тiр­ген. Артынша құйрықты жұлдыз түс­песе де, оның құйрығы Жер бетiн жанап өтедi екен дестi.
1962 жылдың 4-5 ақпаны. Үндi жұлдыз санақшылары ақырзаман болады деп болжаған.
1988 жыл. Әуеғарыштық техникасының маманы Эдгар Уизенант ақырзаман дәл осы жылы болуы тиiс деп болжап, кiтап жазып шыққан. Оның бұл еңбегi 4 миллион тиражбен сатылыпты. Осының арқасында ақшаны күреп алған ол артынша ақырзаманды 1989 жылға ысырғанға ұқсайды.
2000 жыл. Үш нөлi бар жыл болғандықтан, болжағыштар мұны мистикамен байланыстырыпты.
2011 жыл. Майя күнтiзбелiк циклiнiң соңы. 2005 YU55 астероиды Жермен соқ­тығысады деп болжаныпты.
2012 жыл. Ақырзаманды болжағыштардың ең жиi айтатын жылы. Олардың келтiретiн деректерi де сан алуан. Бiрi бесiншi Күннiң уақыты десе, ендi бiрi Күн жүйесi галактика осiне терiс айналады екен, барлық ғарыш циклдерi бұзылады, полюстер ауы­сады дейдi.
2014 жыл. Ғалымдар бұл жылы ғарыш шаңының бұл­ты Жер бе­тiне жетедi дейдi. Ал бұл бұлт өз жолындағы нәрсенiң бәрiн жоқ қылатын көрiнедi.
2016 жыл. Жер бетiнiң климатын зерттеушi Джеймс Хансон мұздықтар түгел ерiп, Жер бетiн су басып қалады дептi.
2018 жыл. Нострадамус осы жылы ядролық соғыс болады деп болжаған.
2020 жыл. Иоанн Богословтың болжамына сүйенген Исаак Ньютон ақырзаман осы жылы орнайды деп есептеп шығарыпты.

Комментариев нет:

Отправить комментарий