суббота, 21 декабря 2013 г.

Іш пыстырмайтындар


ЕҢ ЖҮЙРIК АВТОМОБИЛЬ
Британдық инженерлер дүние жүзiндегi ең жүйрiк автомобильдi жасап шығармақ. Оның жылдамдығы сағатына 1600 шақырымға жететiн көрiнедi. “Блад­хаунд” деп аталатын бұл көлiкке реактивтi және ракетаның гибридтi двига­тельдерi орнатылады. Ал көлiктiң дөңгелектерi алюминийден жасалмақ. Дөң­гелек диаметрi 1 метрге, ал автомобиль салмағы шамамен 6 тоннаға дейiн жетпек. Инженерлер бұл автокөлiктi келесi жылы Оңтүстiк Африка Республикасының құрғап қалған көлдерiнiң түбiнде сынап көрмек. Мұндай жүйрiк көлiктi тек мультимиллонерлер ғана сатып ала алмақ. Себебi, бiр көлiктiң құны 20 миллион доллардан асып түседi.
ТЫШҚАНДАР ЛАҢКЕСТЕРДI АЙНА-ҚАТЕСIЗ АНЫҚТАЙ АЛАДЫ
Домодедово әуежайындағы лаңкестiк оқиғадан соң көптеген елдердiң ғалымдары жанкештiлердi анықтау жүйесiн жасап шығаруға кiрiстi. Расында да, мыңдаған жолаушылардың арасынан жанкештi лаңкестi қалай табуға болады? Израильдiк BioExplorers компаниясы мұның жолын тауыпты. Ғалымдар жарылғыш заттарды тышқандар анықтай алады дейдi. “Кәдiмгi сканер тәрiздi құралдың iшiнде үш камера орналасқан. Осы камераның әрқайсысына 8 тышқанды кiргiземiз. Олар тұншығып қалмас үшiн ауа толтырып қоямыз. Тышқандар жарылғыш заттың иiсiн сезген соң, бiрден жақын жердегi отсекке жүгiрiп жетедi де, арнайы батырманы басады. Сөйтiп, дыбыс сигналы iске қосылады. Сыртқы панельде үш қызыл лампа жанады. Және бұл лампа кем дегенде отсекке екi тышқан келсе ғана жанады”, – дейдi жүйенi ойлап тап­қан ғалымдардың бiрi Эран Лумбросо. Тышқандар мысық иiсiнен қалай қорықса, жарыл­ғыш заттан да дәл солай қорқады екен. “Қысқасы, бiз тыш­қандарға жарылғыш заттың иiсiнен қорқуды үйреттiк. Тышқандар бiр заттың иiсiн ажыратуды 10 күннiң iшiнде үйренедi”, – дейдi Э.Лумбросо.
Ғалымдар жаңа құралды Тель-Авивтегi сауда орталығында сынап көрiптi. Биодетекторден өткен 1000 адамның 22-сiнiң қалтасында жарылғыш зат болған. Тышқандар осы адамдардың бәрiн анықтапты.
 
ШОКОЛАД РАКТАН ҚОРҒАЙДЫ
“Американдық ғалымдар шоколадтың ерекше қасиетiн анықтады”, – деп хабарлайды The Daily Telegraph басылымы. Ғалымдардың айтуынша, шоколадтың құрамында ағзаға пайдалы заттар тым көп екен. Мәселен, антиоксиданттар. Бұл заттар кәдуiлгi жемiс шырынының құрамында да бар. Алайда шоколадтың құрамындағы антиоксиданттар мөлшерi анағұрлым көп. Бұл заттар адам ағзасын рак пен жүрек ауруларынан қорғайды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий